Президент Ұлттық құрылтай құруды ұсынды

Автор: Еркежан Айтказина

Оның құрамына әр облыстан өкілдер кіреді

Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі өз міндетін табысты ақтарды. Енді оның орнына құрамы жағынан ауқымды Ұлттық құрылтай құрылады. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған Жолдауында айтты.

Еске салайық, бүгін Парламент палаталарының бірлескен отырысында Президент Қазақстан халқына Жолдауын арнап, онда негізінен саяси реформалары туралы жариялап жатыр.

«Жаңа құрылымда еліміздің барлық аймақтың өкілдері болады. Оған Парламент депутаты мен ҚХА өкілдері, қоғамдық кенес мен институттар кіреді. Олар маңызды мәселелерді талқылау үшін бас қосып отырады», - деді Президент.