Ауа райының қолайсыздығына байланысты біраз жолдар әлі де жабық - ҚазАвтожол
Қазіргі таңда жеті жол учаскесінде көлік қозғалысына шектеу қойылған
Республикалық маңызы бар тасжолдардың жеті учаскесі ауа райының қолайсыздығына байланысты әлі де жабық тұр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі «ҚазАвтожол» ҰҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ауа райының қолайсыздығына байланысты келесі автожолдарда көлік қозғалысына уақытша шектеу қойылды:
1. Нұр-Сұлтан-Ерейментау-Шидерті, 16-200 шақырым (Нұр-Сұлтан-Павлодар облысының шекарасы)
2. Өскемен-Шемонаиха-РФ шекарасы, 105-123 шақырым (Шемонаиха-РФ шекарасы)
3. Алматы-Өскемен, 967-1068 шақырым (Қалбатау-Қ.Қайсенов)
4. Омбы-Майқапшағай, 910-1002 шақырым (Қалбатау-Көкпекті) (жүк және қоғамдық көліктер)
5. Өскемен-Риддер-РФ шекарасы, 15-105 шақырым (Белоусовка-Риддер) (жүк және қоғамдық көліктер)
6. Өскемен-Шемонаиха-РФ шекарасы, 15-105 шақырым (Глубокое-Шемонаиха) (жүк және қоғамдық көліктер)
7. Нұр-Сұлтан-Ерейментау-Шидерті, 200-240 шақырым (Ақмола облысының шекарасы-Шидерті) Республикалық маңызы бар автожолдарда 690 бірлік техника жұмылдырылған.
«ҚазАвтожол» ҰҚ АҚ жүргізушілерге жол ережесін сақтау, рұқсат етілген жылдамдықты асырмау, қауіпсіз қашықтықты сақтау қажеттілігі туралы ескертеді. Сонымен қатар, сапарға тек қысқы дөңгелектермен шығуға кеңес береді. Барлық сұрақтар бойынша 1403 нөміріндегі байланыс орталығына хабарласуға болады.