ШұғылCOVID-19: Қазақстанда 14 адам өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған

Еліміздегі 9 жолда көлік қозғалысы тоқтады

Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» АҚ хабарлады

Фото: ашық дереккөзден

Қазіргі уақытта еліміздегі автожолдардың 9 учаскесінде көлік жүруіне шектеу қойылған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі «ҚазАвтоЖол» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Көлік қозғалысына шектеу қойылған жолдар:

1.Өскемен-Шемонаиха-РФ шекарасы, км 105-123 (Шемонаиха-РФ шекарасы)

2.Семей-Қайнар, 144-266 (Саржал-Қайнар)

3. Алматы-Өскемен, км 967-1068 (Қалбатау-Қ.Қайсенов) (қоғамдық және жүк көліктері үшін)

4. Омбы-Майқапшағай, км 910-1002 (Қалбатау-Көкпекті)

5. Семей-Қайнар, км 8-144 (Семей-Саржал) (жүк және қоғамдық көліктер)

6. Өскемен-Риддер-РФ шекарасы, км 15-105 (Белоусовка-Риддер) (жүк және қоғамдық көліктер)

7. Өскемен-Шемонаиха-РФ шекарасы, км 15-105 (Глубокое-Шемонаиха) (жүк және қоғамдық көліктер)

8. Қызылорда-Павлодар, км 1066-1135 (Молодежный-Павлодар облысының шекарасы)

9. Қызылорда-Павлодар, км 1135-1206 (Қарағанды облысының шекарасы-Бозшакөл).

Сонымен қатар ауа райының бұзылуына байланысты бүгін түнгі сағат 00:00-ден бастап «Нұр-Сұлтан - Павлодар» тасжолы жабылды.