$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Елімізде биыл мүгедек және асыраушысынан айырылған жандарға 70 млрд теңгеге жуық қаражат төленді

Мүгедектік бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушылар саны – 527,4 мың адам

Елімізде биыл мүгедек және асыраушысынан айырылған жандарға 70 млрд теңгеге жуық қаражат төленді
Фото ашық дереккөзден

1 наурыздағы жағдай бойынша қазақстандықтарға мүгедектік және асыраушысынан айырылу бойынша жәрдемақы түрінде 69,3 млрд теңгеден астам қаражат төленді. Бұл туралы Azattyq Rýhy Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.

2022 жылдың ақпан айында республикалық бюджеттен мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы төлеуге 27,3 млрд теңге, асыраушысынан айырылу жағдайына байланысты 7,4 млрд теңге жұмсалды.

«2022 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша мүгедектік бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушылардың саны 527,4 мың адамды, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша 171,9 мың адамды құрайды.

Мүгедектік және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың мөлшері мүгедектік тобына және себебіне, қайтыс болған (қаза тапқан) асыраушының асырауындағы адамдар санына, сондай-ақ тиісті қаржы жылына арналған «Республикалық бюджет туралы» заңында белгіленетін ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасына байланысты болады.

2022 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша мүгедектік жөніндегі мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақының орташа мөлшері 51 731 теңгені, асыраушыдан айырылу жағдайында 43 268 теңгені құрады», - делінген министрлік хабарламасында.

Серіктес жаңалықтары