$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қар мен жаңбыр жауады: 15 наурызға арналған ауа райы болжамы

Республиканың басым бөлігінде жауын-шашын болады

Қар мен жаңбыр жауады: 15 наурызға арналған ауа райы болжамы
Фото: ашық дереккөзден

Синоптиктер сейсенбі, яғни 15 наурызға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

«Атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуімен Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын, республиканың солтүстік жартысында негізінен қар түрінде жаяу бұрқасын болып, оңтүстік жартысында негізінен жаңбыр түріндегі жауын-шашын жауады, оңтүстік, оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. ҚР бойынша жел күшейіп, тұман түсіп, көктайғақ болады, республиканың оңтүстігінде  найзағай ойнайды», - делінген «Қазгидромет» РМК баспасөз хабарламасында.

Атап айтқанда, Ақмола облысының батысы мен шығысында жаяу бұрқасынмен жел күшейеді, түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде тұман түседі.

Алматы облысының солтүстігінде және таулы аудандарында тұман түседі, түнде облыстың шығысында жел 15-20 м/с күшейеді.

Түркістан облысының оңтүстігінде және таулы аудандарында тұман түсіп, найзағай ойнайды, облыстың таулы аудандарында жел 15-20 м/с күшейеді.

Жамбыл облысының солтүстігінде, таулы аудандарында тұман түсіп, көктайғақ болады, облыстың таулы аудандарында жел 15-20 м/с күшейеді.

Ақтөбе облысының солтүстік-батысында, Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде, батысында жаяу бұрқасын соғады, Ақтөбе облысының солтүстік-батысында жел 18 м/с күшейеді.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, Атырау облысының шығысында, Маңғыстау облысының солтүст-шығысында тұман түсіп, көктайғақ болады.

Қостанай облысының оңтүстік-батысында, түнде Шығыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде, түнде және таңертең Павлодар облысының оңтүстігінде, Қызылорда облысының солтүстігінде тұман түседі.

Серіктес жаңалықтары