Ресейліктер Мексика арқылы АҚШ-қа жаппай көшіп жатыр
McKinsey-дің Мәскеудегі кеңсесі қызметкерлердің көпшілігін Қазақстанға көшіру туралы шешім қабылдады
Ресей мен Украинаның геосаяси қақтығысынан кейін Батыс елдері мен АҚШ Ресейге жаппай санкция салып жатыр. Елдің экономикалық-қаржылық жағдайына күмәнмен қараған ресейліктер жаппай көшіп жатыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Independ.kz мәліметінше, соңғы бір айдың көлемінде Ресейден АҚШ-қа босқындар ағымы өскен. 8 мыңнан астам ресейлік Мексика арқылы шекарадан өтіп, АҚШ-қа саяси баспана сұраған. Олардың көбі Сан-Диегодағы ресми өткізу пунктерін пайдалған. Көптеген адам Мәскеуден Канкунға ұшып, Мексикаға туристер ретінде кіргені анықталды.
Ресейлік азамат Максим Держко Владивостоктан Мексиканың шекаралас Тихуана қаласына 14 жастағы қызымен бірге ұшып барған. Қасында жеті ресейлік азамат бар. Оның айтуынша, АҚШ-тың ресейліктерді баспана алуға өтініш беруден ажырататын нәрсе, америкалық шекарашының скептикалық көзқарасы екен.
«Ресейде АҚШ визасын алу мүмкін емес. Барлық елшілік жабылды. Қызым екеуіміз Мексика арқылы шекарадан өтіп, саяси баспана сұрадық. Ресейде әлі де болса, болашақ бар деп үміттеніп, митингтерге шықтым. Бірақ мұның соңы жақсы болмайтынын түсіндім. Бұл өте қиын, біздің басқа таңдауымыз болған жоқ», - дейді Максим.
Шетелге кеткен ресейліктер Telegram, Facebook және басқа да онлайн платформаларда, бір-біріне кеңестер беріп, бір жерге шоғырлануда.
Көптеген мигрант шөлдер мен тауларды заңсыз кесіп өтуде, бірақ бұрынғы кеңестік республикалардан келген орыстар, украиндар және басқалар діттеген жеріне көлікпен ресми өткелдер арқылы жеткенді жөн көреді.
Айта кетерлігі, Қазақстаннан Ресейге орыстардың көші-қон ағыны артуы мүмкін. Кәсіпкер Анастасия Юхтмахер қазіргі жағдайға байланысты консалтингтік, қаржы институттарынан, ірі өнеркәсіптік компаниялардан, сондай-ақ жаңадан бастаған кәсіпкерлерден көптеген бәсекеге қабілетті ресейлік мамандар шұғыл түрде Таяу Шығыс пен ТМД елдеріне қоныс аударатынын айтады.
«Мысалы, McKinsey-дің Мәскеудегі кеңсесі қызметкерлердің көпшілігін Қазақстанға көшіру туралы шешім қабылдады, оларға билеттер мен қонақүйде тұруға бірінші рет демеушілік жасады. Жалпы Қазақстан Ресей Федерациясының көптеген мамандары үшін ұзақ мерзімді перспективада қоныс аудару үшін ең танымал бағыттардың бірі екенін атап өткім келеді», - деді ол.