$ 511.22  540.05  4.73
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Абзал Құспан: Бейбіт митингілерді тәртіпсіздікке ұластырған топтың болғанына көзіміз жетті

Абзал Құспан Тоқаевқа жүздеген адамның «аманатын» жеткізді

Абзал Құспан: Бейбіт митингілерді тәртіпсіздікке ұластырған топтың болғанына көзіміз жетті
Фото ашық дереккөзден

Адвокаттың айтуынша, қаңтар оқиғасы кезінде зардап шеккен жүздеген адам Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс білдірді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Бүгін Мәжілісте қаңтар оқиғасы кезінде зардап шеккендерге заңгерлік көмек көрсеткен адвокаттардың бірі Абзал Құспан қайғылы оқиғалар әуел баста ұйымдасқанын айқындайтын бірнеше факторды атады.

«Жаппай тәртіпсіздіктердің бір уақытта, бір кезеңде басталуы. Арандатушы топтың болуы, олардың ортақ, бір талаптарының болуы. Мысалы, барлық жерге бір уақытта бейбіт митингке шыққандарды облыс, қала әкімдігін басып алуға үгіттеушілердің болуы. Жекелеген жағдайда құқық қорғау органдарының уақытылы қимылдамауы. Кейде мүлдем әрекетсіздік танытуы. Оңтүстік өңірлерде бейбіт митингке қатысушылар бұрын өздері көрмеген, танымайтын әскери тәртіптегі белгісіз адамдардың болғаны және басқа жағдайдар. Бұл жағдайлар әу бастан бейбіт түрде басталған митингілерді тәртіпсіздіктерге ұластырған мүдделі топтардың болғаны және олар орталықтандырылған түрде мақсатты жұмыс істегені көзімізді жеткізе түсті», - дейді Абзал Құспан. 

Ал осы арандатуға еріп, зардап шеккен азаматтарға көмектесу мақсатында құрылған «Аманат» комиссиясы әлі де жұмысын жалғастыратыны белгілі болды. Осы ретте адвокат комиссия мүшелері атынан және комиссияның көмегі тиген жүздеген адамның атынан Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтты.

«Аманат» комиссиясы құрылып, жұмысын 24 қаңтарда Алматы қаласынан бастап, Алматы, Жамбыл облыстарында, ШҚО-да Шымкент және басқа қалаларда жалғастырған. Біріншіден, бізге осындай мүмкіндік тудырып, қолдағаны үшін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа комиссия атынан және біз қорғаған жүздеген азаматтың атынан алғыс білдіргім келеді. Сонымен қатар, Мемлекет басшысының осы оқиғалар кезіндегі табанды шешімі, оқиға бойынша алғашқы кезеңнен бастап, елге ашық сұхбат беріп, қоғамды мазалаған сұрақтарға батыл жауап бергені, басынан тергеу органдарынан мейлінше ашық, объективті, жан-жақты тергелуін талап етіп отырғаны бізге де ерекше күш-жігер сыйлағанын айтқым келеді. Біз және бізден бөлек құрылған басқа да комиссиялар осы мақсатта жұмыс істеді және ол жұмыстар әлі де жалғасын табады», - деді ол Мәжіліс отырысында.

Серіктес жаңалықтары