«Қаңтар оқиғасына» қатысқан топтар кем дегенде екі жыл дайындалған – заңгер
Жаппай тәртіпсіздікке бейбіт тұрғындар ғана емес, арнайы қызмет мамандары да, қылмыстық топтар да болды
Заңгер Айман Омарова жыл басында болған қаңтардағы оқиғада ақпараттық дайындық ерте басталғанын айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Қаңтар оқиғасына кем дегенде екі жыл дайындалған, дегенмен лаңкестік ұяшықтар бар екені туралы ақпарат бұдан да ертерек тараған. Көбісі мұның бәрі бейбіт митингілерден басталды деп қателеседі. Шындығында, бәрі әлдеқайда ертерек – ақпараттық дайындықтан басталған. Бейбіт митингілер – көзімізбен көргеніміз. Қаңтар оқиғасы кезінде қолданылған технологияларға, соның ішінде халықты бақылау технологияларына, халықты жинау, оларды қылмыстық құқық бұзуға бағыттауға сүйене отырып, тәртіпсіздіктерді кәсіби дайындықтан өткен топтар басқарды деп анық айта аламыз. Олардың арасында тек бейбіт тұрғындар ғана емес, арнайы қызмет те, қылмыскерлер де бар. Оқиға авторларының іс-әрекеттері, технологиясы кеңестік жедел қызметшілерді даярлау мектебінің іс-қимылдарына өте ұқсас», - деді Айман Омарова.
Оның сөзінше, қаңтардағы оқиға кезінде жаппай тәртіпсіздікті кәсіби дайындалған топтар басқарды, олардың арасында тек бейбіт тұрғындар ғана емес, сонымен қатар арнайы қызмет мамандары да, қылмыстық топтар да болды.
«Қаңтар оқиғасы кезінде қоймадан күшті әсер ететін улы заттар, калий цианиді бар бірнеше бөшке ұрланған. Бұл заттың 500 грамы бүтін бір қаланың тұрғындарын мүгедек қылуға жеткілікті. Зауытта шамамен 35 бөшке болған. Сонымен қатар, қоймаларда күйдіргіш сода, азот қышқылы және басқа да химиялық заттар болды», - деді ол.
Омарованың айтуынша, бұл істердің бәріне ҰҚК қызметкерлерінің қатысы бар.