$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Қазақстан халқына» қоры: ауыр жарақат алған балалардың туыстарына 3 млн теңгеден төленді

Қаза тапқандардың отбасыларына 7 миллион теңгеден берілді

«Қазақстан халқына» қоры: ауыр жарақат алған балалардың туыстарына 3 млн теңгеден төленді

«Қазақстан халқына» қоры қаңтар оқиғасы кезінде зардап шеккен азаматтарға көмек көрсетті

«Қазақстан халқына» Қоғамдық қоры қаңтар оқиғасында қаза болғандардың туыстарына көмек көрсетуді жалғастыруда. Бұл туралы Azattyq Rýhy аталмыш қордың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Құзырлы орган оқиғаның жазатайым құрбаны екенін растаған үш азаматтың отбасы мүшелеріне ақшалай төлемдер жіберді. Сондай-ақ, ауыр жарақат алған үш баланың және қайтыс болған екі баланың отбасы мүшелеріне ақшалай төлемдер жіберілді.

Бұл санаттағы азаматтарға жолданған жалпы төлем сомасы 44 млн теңгені құрады. Қаза тапқандардың отбасыларына 7 миллион теңгеден, ауыр жарақат алған балалардың туыстарына 3 миллион теңгеден төленді.

Еске салайық, Қамқоршылық кеңестің шешімімен қаңтар оқиғасының кездейсоқ құрбаны деп танылған барлық қаза тапқан азаматтардың жақындарына құзырлы органдар тиісті тізімдер жарияланғаннан кейін ақшалай көмек көрсетілетін болады. Бұл барлық тергеу әрекеттері аяқталғаннан кейін жүзеге асырылады деп болжануда.

Серіктес жаңалықтары