ШұғылCOVID-19: өткен тәулікте 1266 адамнан коронавирус анықталды

Полицейлер Үлкен Алматы көлі маңында жоғалған шетелдікті құтқарды

Ол көмек шақыруға кетіп, адасып қалған

Фото: ашық дереккөзден

Полицейлер Үлкен Алматы көліне серуендеуге шыққан шетелдікті құтқарып қалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі polisia.kz-ке сілтеме жасап.

17 қаңтар күні Алматы қаласының Полиция департаментінің Жедел басқарма орталығына 45 жастағы түрік азаматының өз көлігімен Үлкен Алматы көліне кетіп, байланысқа шықпағаны туралы хабар келіп түскен. Полиция бірден іздеу шараларын ұйымдастырған. 

«Іздеу шаралары барысында «Тойота Раф-4» маркалы автокөлік Үлкен Алматы көлі алдындағы жол жиегінен табылды. Көліктің ішінде ешкім болмады», - дейді полиция өкілдері. 

Бүгін Алматы қалалық Полиция департаментінің криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері автокөліктен үш шақырым жерден үсік шалған азаматты тірі күйінде тауып алған. Ол автокөлігін қардан шығара алмаған соң көмек шақыруға кетіп адасып қалған.