18.01.2020, 12:59
Жаңалықтар
Алматы қаласы Алатау ауданының бұрынғы әкімі қамауға алынды
Ол ірі көлемде бюджет қаржысын жымқырды деген күдікке ілінді
Фото: ашық дереккөзден
Алматы қаласы Алатау ауданының бұрынғы әкімі қамауға алынды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Алматы прокуратурасымен бірігіп жүргізген тергеу нәтижесінде Алатау ауданының бұрынғы әкімі, оның орынбасары және осы ауданның әкім аппаратының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы ұсталды. Олар ірі көлемде бюджет қаржысын жымқырды деген күдікке ілінді. Атап айтқанда, олар «Өңірлерді дамыту-2020» мемлекеттік бағдарламасына бөлінген қаржыны жымқырған», - делінген Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет таратқан хабарламада.
Ұсталған әкімнің аты-жөні айтылмаған. Сонымен қатар аудан әкімінің орынбасары 500 мың теңге пара алды деген күдікке ілінген.
Көп оқылған
02.11.2026, 13:43
Үш баласы мектепке бара алмай отыр: Алматыда көпбалалы әскери қызметкерді жұмысынан қуып жіберген
02.11.2026, 15:10
Каспий теңізіндегі трагедия: Бектенов Қорғаныс министрлігінің кемшіліктерін тізбектеп шықты
02.11.2026, 12:59
Атырауда бір топ ер адам экстремистік топ құрып, Конституция негіздерін күшпен өзгертпек болған (ВИДЕО)
02.11.2026, 16:21
«Соқырішегі жарылайын деп тұр»: Ақтауда дәрігер мен оған шабуыл жасаған ер адам оқиғаның қалай болғанын айтты (ВИДЕО)
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды