Қостанай облысында қар құрсауында қалған 120 адам құтқарылды

Автор: Azattyq Rýhy

Құтқарылғандар арасында 7 бала бар

Наурыздың 11-і мен 12-і күндері өңірде екпінді жел тұрып, көп мөлшерде жауын-шашын түскен, деп хабарлайды «Хабар 24».

Соның салдарынан жүріп-тұру қиындады. Азаматтар жолда қалды. Бір тәулік ішінде облыстық төтенше жағдайлар департаментінің өкілдері 122 адамды құтқарған. Арасында 7 бала бар. Нақтырақ айтсақ, Қамысты, Сарыкөл, Наурызым, Жангелдин аудандарында және Арқалық пен Жітіқара маңындағы жолдарда жағдай күрделі болған.

Департаменттің мәліметінше құтқару операциялары сәтті өтті. Медициналық көмекке жүгінгендер жоқ.