Елімізде өткен тәулікте коронавирустан 3 адам көз жұмды
Бүгінде COVID-19 вирусын жұқтырған 89 адамның жағдайы ауыр
Денсаулық сақтау министрлігі 2022 жылдың 13 наурыздағы коронавирус инфекциясымен ауырғандарға қатысты ақпаратты жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК мәліметіне сілтеме жасап.
Өткен тәулікте COVID-19 вирусынан 3 адам қайтыс болды.
13 наурыздағы мәлімет бойынша, 10 881 адам коронавирус инфекциясынан (–9 825+ және 1 056 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 988 пациент стационарда, 9 893 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
- 89 адамның жағдайы ауыр,
- 26 пациенттің жағдайы өте ауыр,
- 21 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.
Сондай-ақ COVID-19 пневмониясына қатысты ақпаратқа сүйенсек, 12 наурыздағы мәлімет бойынша 28 жаңа жағдай тіркелді, өлім жағдайы тіркелген жоқ.
Жалпы, 2020 жылдың 13 наурыздан бастап:
- науқастар саны – 88 418;
- өлім жағдайы – 5 347.