12.03.2022, 13:42
Жаңалықтар
Тасмағамбетовке қатысты тексеру жүргізіліп жатқан жоқ – Бас прокуратура
Бас прокуратура бұл мәліметтің шындыққа сәйкес келмейтінін хабарлады
Фото: ашық дереккөзден
ҚР Бас прокуратурасы Иманғали Тасмағамбетовке қатысты тексеру жүргізіліп атқаны туралы ақпаратты теріске шығарды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.
«Әлеуметтік желілерде Бас прокуратураның ведомствоаралық жедел-тергеу тобының Иманғали Тасмағамбетовке қатысты оның «Астана LRT» ЖШС-дағы қаржы жымқыруға қатыстылығы фактісі бойынша тексеру жүргізіп жатқан болуы мүмкін деген хабарлама таратылуда.
Бас прокуратура бұл мәліметтердің шындыққа сәйкес келмейтінін хабарлайды», - делінген Бас прокуратураның баспасөз хабарламасында.
Ведомство азаматтарды тек ресми ақпарат көздеріне сенуге шақырады.
Көп оқылған
09.11.2026, 10:31
«Ит үреді, керуен көшеді»: туған қызын ернінен сүйді деген ер адам ел алдына шықты (ВИДЕО)
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды