$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Елорданың су айдындарында балықтың қырылуының алдын алу жұмыстары жүріп жатыр

Биыл су айдындарында мұздың қалыңдығы 55 см мен 1 м аралығын құрайды

Елорданың су айдындарында балықтың қырылуының алдын алу жұмыстары жүріп жатыр

Нұр-Сұлтан қаласының Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасы елорданың су айдындарында балықтың қырылуын болдырмау және оттегімен қанықтыру үшін Есіл өзені мен Ақбұлақ бұлағында аэрация жұмыстарын бастады. Бұл туралы қала әкімдігінің ресми сайты хабарлайды.

Жұмыстар алты учаскеде жүргізіледі: Есіл өзені – «Сарыарқа» көпірі, «Атырау» жаяу жүргіншілер көпірі, «Ақ Орда» резиденциясы ауданы, «Рамстор» сауда үйі ауданы, Мичурин кентіндегі өзен учаскесі ауданы; Ақбұлақ бұлағы - Ескек каналы ауданы.

Кез-келген су айдындарының тіршілігін қамтамасыз ету үшін негізгі шарт – суды оттегімен уақытылы қанықтыру.

Қар мен аяз су қоймалары үшін проблема болып табылады, өйткені су айдындарындағы мұздың қалыңдығы су ішіне оттегі мен жарықтың түсуіне кедергі келтіреді. Бұл проблема балықтардың жаппай қырылуына әкелуі мүмкін.

Табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар қоршаған ортаға зиян келтіруі мүмкін, сол сияқты мұз астындағы балық қорын сақтау үшін жыл сайын аэрация жүргізіледі.

Аэрация шұңқырларды бұрғылау, мотопомпалардың көмегімен су қоймаларын оттегімен қанықтыру (оттегімен байыту қондырғысы), сондай-ақ қамыстарды бекіту арқылы да жүзеге асырылады. Осылайша су астына оттегі жіберіледі.

Биыл су айдындарында мұздың қалыңдығы 55 см мен 1 м аралығын құрайды.

Серіктес жаңалықтары