11.03.2022, 12:43
Жаңалықтар
Қазақстанға тиесілі 1,5 мыңға жуық жүк вагоны Украина аумағында қалды – ҚР ИИДМ
49 жүк көлігі Украина аумағынан шығарылды
Фото ашық дереккөзден
2022 жылғы 11 наурыздағы жағдай бойынша Украинадан қазақстандық меншік иелеріне тиесілі 57 жүк автокөлігінің 49-ы шықты. Осылайша, бұл елдің аумағында 8 жүк көлігі, оның ішінде украиндық жүргізушілері бар Қазақстанның 4 жүк көлігі қалып отыр.
Сонымен қатар, Украинада еліміздің азаматтарына тиесілі 1457 жүк вагоны тұр. Оларды басқа бағыттарға жіберу жұмыстары жалғасуда.
Халықаралық тасымалдарда туындаған мәселелер бойынша жедел әрекет ету үшін ҚР ИИДМ, «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ және еліміздің теңіз порттары жанынан «Жедел желілер» ашылды. Мүдделі тараптармен келіссөздер жүргізіліп жатыр.
Ақтау және Құрық теңіз порттары қалыпты режимде жұмыс істеп тұр. Жүктер бөгеліп жатқан жоқ.
Көп оқылған
28.09.2026, 17:24
«Жиналысты азайтамыз»: су жаңа Қорғаныс министрі жаңа қызметте бірінші кеңесін өткізді
28.09.2026, 12:40
«Қаралы күн, біз үшін өліп пе?»: сарбаздардың рухына тіл тигізген ер адам қамауға алынды (ВИДЕО)
28.09.2026, 12:21
Жеті күн ішінде қаржы есебі, он күнде арнайы жоспары дайын болу керек: Қарин әскердегі реформа туралы нақты даталарды атады
28.09.2026, 15:35
Қазақстан аумағында бір күнде үш мәрте жер сілкінді