Есірткі заттарын лақтырмақ болғандар қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін
СҚО бойынша ҚАЖД қарасты ЕС-164/3 мекемесінің қызметкерлері тыйым салынған заттарды лақтыру әрекетін болдырмады, деп хабарлайды Polisia.kz.
Мекемеге іргелес аумақты патрульдеу кезінде қызметкерлер ВАЗ-21099 автокөлігін тоқтатты. Көліктің ішінде Қостанай облысының төрт тұрғыны болған. Мекеме қызметкерлерімен жедел-тергеу тобы шақырылды.
Бұдан әрі автокөлікті тексеру кезінде мекеме аумағында айналымға тыйым салынған заттар тәркіленді: 8 ұялы телефон («Nokia» маркалы жеті телефон, «Samsung» маркалы бір смартфон), жеті қуаттағыш және жеті Beeline sim-картасы.
Табылған заттар ЕС-164/3 мекемесінің сотталғандарына арналған болатын.
«Жыл басынан бері бұл факт Солтүстік Қазақстан облысында бірінші болып тіркелді. Осындай құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында мекеме аумағына тыйым салынған заттар лақтырылған жағдайда азаматтар ҚР ӘҚБтК-нің 481-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылатынын хабарлаймыз. Бұл ескерту жасауға немесе әкімшілік құқық бұзушылық жасау құралы не нысанасы болған затты тәркілей отырып, 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. Есірткі заттарын лақтыруды жоспарлаған адамдар қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін», – СҚО бойынша ҚАЖД баспасөз қызметі.