Ауа райы: еліміздің басым бөлігінде қар жауып, көктайғақ болады

Автор: Azattyq Rýhy

Сенбі күні еліміздің солтүстігіндегі қарлы боран аздап басылады

Еліміздің тек оңтүстік өңірінде ауа райы ашық болады. Өзге аймақтарда дабылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Қазгидромет» РММ-ге сілтеме жасап.  

18 қаңтар, яғни сенбі күні еліміздің солтүстігіндегі қарлы боран аздап басылады деп күтілуде. Ал 23 қаңтарға қарай Нұр-Сұлтан, Ақмола, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарында күн қайта суиды дейді синоптиктер. 

Ал «ҚазАвтожол» мекемесінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, ауа райының нашарлауына байланысты Алматы - Екатеринбург, Нұр-Сұлтан - Щучинск, Оренбург - Ақтөбе және Самара - Шымкент тасжолдарының кей бөліктерінде жол қозғалысына шектеу қойылды.  

«Нұр-Сұлтан қаласында алдағы демалыс күндері түнде қарлы боран мен қатты жел болады. Ал күндіз бұрқасын басылады. 19-22 қаңтар аралығында жел екпіні 9-14 м /с дейін жетеді. Дегенмен, содан кейін қатты жел бола қоймайды. Ал 23 қаңтардан бастап қатты жел болып, қарлы боран қайта күшіне енеді», – дейді синоптиктер.