18.01.2020, 09:05
Жаңалықтар
Павлодарда тұрғын үй өртеніп, 20 адам эвакуацияланды
Олардың 17-сі ересек, үшеуі - бала
Фото: pavlodarnews.kz
Павлодардағы тұрғын үйден шыққан өрт кезінде 17 ересек пен үш бала эвакуацияланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Рavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.
Өрт Ткачев көшесі № 11 үйде болған.
«№ 3 өрт сөндіру бөлімшесіне Ткачев көшесінде орналасқан онқабатты № 11 үйдің бірінші кіреберісіндегі бесінші қабатта өрт басталғаны хабарланды», - делінген жергілікті ТЖ департаментінің баспасөз хабарламасында.
ТЖД-дің үш өрт сөндірушісі терезе арқылы өрт басталған үйге кіріп, жалпы бес шаршы метр аумақ өртеніп жатқанын анықтаған.
Ведомство мәліметінше, өрт отты абайсыз қолданғандықтан болған. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
Көп оқылған
02.11.2026, 13:43
Үш баласы мектепке бара алмай отыр: Алматыда көпбалалы әскери қызметкерді жұмысынан қуып жіберген
02.11.2026, 15:10
Каспий теңізіндегі трагедия: Бектенов Қорғаныс министрлігінің кемшіліктерін тізбектеп шықты
02.11.2026, 12:59
Атырауда бір топ ер адам экстремистік топ құрып, Конституция негіздерін күшпен өзгертпек болған (ВИДЕО)
02.11.2026, 16:21
«Соқырішегі жарылайын деп тұр»: Ақтауда дәрігер мен оған шабуыл жасаған ер адам оқиғаның қалай болғанын айтты (ВИДЕО)
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды