Польшадан Украинадағы қазақстандықтар мінген төртінші рейс ұшып шықты

Автор: Azattyq Rýhy

Ұшақта 155 жолаушы, оның ішінде 7 сәби бар

Фото ашық дереккөзден

Польшадан Украинадағы қазақстандықтар мінген төртінші рейс ұшып шықты. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігі мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Министрлік таратқан мәліметке сенсек, 9 наурызда Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 23:05-те Катовице қаласынан (Польша) Қазақстанға Украинадан эвакуацияланған ҚР азаматтарымен төртінші репатриациялық рейс ұшқан. Ұшақ Нұр-Сұлтан қаласына қонады деп күтіліп отыр. Ұшақта 155 жолаушы, оның ішінде 7 сәби бар. Бұған дейінгі үшінші рейс те Нұр-Сұлтанға қонған болатын.