Ақмола облысындағы ауылға жабайы қабандар кіріп кетті
Әкімдіктің баспасөз қызметі жабайы аңдар ауылда болғанын растады
Жабайы қабандар күтпеген жерден Ақмола облысы Жақсы ауданының Жаңа Қима ауылына кіріп кетті. Видеоны тұрғындар таратты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Кадрда үш қабан ғимарат қоршауының жанында жүргенін көруге болады. Олардың бірі көлікте отырған видео авторына қарайды.
"Қимада нағыз жабайы қабандар жүр. Өрт сөндіру бөлімінің жанында", - дейді автор.
Әкімдіктің баспасөз қызметі жабайы аңдар ауылда болғанын растады. Бұған дейін бұл ауылға қабандар келмеген.
"Олар ауылға кіріп, қайта кетіп қалды. Ешқандай оқыс оқиға тіркелген жоқ. Трагедия болмас үшін оларды ауылдан шығарып жіберді. Ауыл әкімі "Охотнадзор" және табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасына хабарлады", - деді Жақсы ауданы әкімдігінің баспасөз хатшысы Әсел Жаңабергенова.