Жамбыл облысында із-түзсіз жоғалған сарбазды жақындары 4 топқа бөлініп іздеп жатыр

Azattyq Rýhy

Ол 2021 жылы 10 қыркүйекте әскери борышын өтеуге аттанған

Жамбыл облысында із-түзсіз жоғалып кеткен сарбаздың жақындары оны іздеуге Қызылордадан арнайы келді. Қазіргі таңда 50-ден астам адам 4 топқа бөлініп, таулы аймақтарды тінтіп жүр. Бұл туралы Azattyq Rýhy Halyq Uni басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Айта кетейік, Меркі шекара қызметінің Андас батыр бөлімінде борышын өтеп жүрген Ұлықбек Бердішев осыдан бір апта бұрын ізім-ғайым жоғалып кеткен еді. Ұлттық қауіпсіздік комитеті бұл дерек бойынша бүгінгі күні тергеу жұмыстары мен қызметтік тексеру жүріп жатқанын мәлімдеді.

«Балаларыңызды әскерге жібермеңіздер. Өйткені ол жерде жағдай жасалмаған, - дейді сарбаздың анасы Орынкүл Мерекова.

Ұшты-күйлі жоғалған сарбаз – Қызылорда облысы, Қазалы ауданының тумасы. Жас жауынгерді соңғы рет әскер қатарында жүрген Ердос Мырзағалиев көрген. Оның айтуынша, Ұлықбек 2 наурыз күні әскери бөлімдегі атқораны тазалап жүрген.

Ұлықбек – үйінің тұла бойы тұңғышы. Ол 2021 жылы 10 қыркүйекте әскери борышын өтеуге аттанған. Сол уақыттан бері Ұлықбек азаматтық міндетін абыроймен атқарып келген.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.