$ 518.57  566.59  6.05
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Ресей Украина тарапының шығынын жариялады

Операция барысында Украинаның 2581 әскери инфрақұрылымы жермен-жексен болған

Ресей Украина тарапының шығынын жариялады
Фото: ашық дереккөзден

Ресей қорғаныс министрлігінің ресми өкілі Игорь Конашенко Украина тарапының шығынына қатысты мәлімет таратты, деп хабарлады "Хабар24".  

Ол сонымен қатар, ведомствода сейсенбі күні "тыныштық режимі" аяқталғаннан кейін өзін өзі жариялаған Донецк халық Республикасының қарулы күштері Мариуполь қаласына шабуылдағанын жеткізді. Әскер қазір шаһарға шамамен 1 шақырымдай жерге тақап келген. 

"Операция барысында Украинаның 2581 әскери инфрақұрылымы жермен-жексен болды. Олардың 90-ы басқару пукті мен Украина қарулы күштерінің байланыс орталығы. 123 С-300 зенит-зымыран кешені жойылды. «Бук М-1», «Оса» және 81 радиолокациялық станция қирады. Сонымен қатар, 897 танк пен өзге де брондалған көлік, 95 жаппай оқ атуға арналған реактивті жүйе, 336 артиллериялық қару-жарақ, 662 арнайы әскери техника мен 84 ұшқызсыз ұшатын аппараттың көзі жойылды", – дейді Ресей қорғаныс министрлігінің ресми өкілі Игорь Конашенков.

Серіктес жаңалықтары