04.03.2022, 17:21
Жаңалықтар
Павлодар қаласында 2022 жылы 100 жаңа автобус сатып алынады
Пандемия жолаушылар тасымалы саласына зор нұқсан келтірді
Фото: pavlodarnews.kz
Павлодар қаласының әкімі Асайын Байханов есептік кездесу барысында осылай деп мәлімдеді, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.
Оның айтуынша, пандемия жолаушылар тасымалы саласына зор нұқсан келтірді. Автобус жүргізушілерінің көбі жүк машиналарының рөлін ұстады.
«Қазіргі кезде автопарктер штатына жүргізушілер ала бастадық. Одан бөлек, жыл ортасына дейін 100-ге тарта автобус сатып алу жоспарланып отыр. Өйткені, қазіргі кезде автобус паркінің 70 проценті ғана жүр: қалғандары не сынған, не оны жүргізетін адам жоқ», - дейді ол.
Асайын Байхановтың айтуынша, бұл мәселе аса күрделі. Дегенмен, оны түзетуге барынша күш салынады.
Көп оқылған
06.08.2026, 16:55
Астанада сәйгүлігіне мініп, қаланың ортасында серуендеп жүрген ер адам күтпеген жағдайға тап болды (ВИДЕО)
07.08.2026, 12:12
Қызғаныш қасіретке ұласты: Семей тұрғыны экс-жұбайын сойылмен ұрып өлтіргені үшін 12 жылға сотталды
07.08.2026, 08:29
Тойдан кейінгі жанжал: Көкшетауда жас жұбайлар уақытша ұстау изоляторынан бір-ақ шықты
06.08.2026, 13:17
Қазақстанда алғаш рет жолаушы мінген ұшқышсыз әуе кемесі әуеге көтерілді