Қытайдың Ухань провинциясынан шыққан дерттен осы күнге дейін екі адам көз жұмды
Алматы қаласының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті Қытайдағы эпидемиологиялық жағдайға байланысты профилактикалық шаралардың қолданылып жатқанын мәлімдеді. Жақында Қытай эпидемиологтары белгісіз пневмонияның түрі - коронавирустың жаңа штамын анықтады. Бұл туралы Azattyq Rýhy тілшісінің сауалына Алматы қаласы бойынша департамент басшысы Айзат Молдағасымова жауап берді.
Елге сырттан келетін жолаушылар мен өзге де мақсаттағы шетел азаматтарына бақылау әлі де күшейтілген тәртіппен жүргізіліп жатыр. Ол үшін шегаралық бекеттерге, әуежайлар мен вокзалдарға тепловизорлар мен арнайы пирометр қондырғылары орнатылған. Алдын алу шараларының ішінде әуе көліктері мен теміржол бағыты бойынша келетін жолаушылармен жұмыс істеуге мән берілді. Тиісті қызмет көрсету персоналдары арасында семинар өткізіп, бортсеріктер мен жолсеріктерге қауіптің алдын алуға, жұмылдырып отырмыз. Олар тұмауға ұқсас белгілері бар жолаушылар кездессе, ақпаратты тиісті жерге хабарлауға міндетті. Ондай жолаушылар бірден оқшауланып, бетперде беріледі, дейді санэпидемиолог маман.
«Көліктегі СЭС немесе инфекционаист келіп, оның жағдайын анықтайды да, қажетті процедураларды қолданады. Одан қауіпті вирус немесе эпидемологиялық шаралар қолданатын белгілер болса, ауруханаға жатқызылады. Бірақ қазіргі күнге дейін мұндай деректер бізде тіркелген жоқ. Әсіресе Қытайға бағыт алған немесе ол жақтан қайтып келген жолаушылармен жұмыс күшейтілді. Коронавирустық инфекция бойынша Ухань провинциясына жолға шыққан жолаушыларға міндеті түрде түсіндірме жұмыстары жүргізіліп жатыр. Алматы қаласында штамдарды тексеруге мән беріліп отыр. Қазір тек әдететгітұмау немесе ОРВИ штамдары ғана белгілі. Олар қауіпті емес», - дейді А. Молдағасымова.
Алматы қалалық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Айзат Молдағасымованың айтуынша, ДДҰ мәліметтерінде 2019 жылы әлемде 86 оба дертіне шалдыққан адам анықталған. Оның ішінде 32 жағдай өліммен аяқталған. Мадагаскарда- 46, Қытайлда-4, Моңғолияда-2, Конго республикасында- 31, Уганда елінде-2, АҚШ- та 1 жағдайдай тіркелген.
Алматы халықаралық әуежайының өкілі Қытайдан Қазақстанға қатынайтын халықаралық рейстер кестеге сай ұшып жатыр, дейді. Нұр-Сұлтан халықаралық әуежайына Бейжің, Санья, Гуанжоу және Үрімші қалаларынан ұшақтар қатынайды. Ал Алматы қаласына Бейжің, Ханкоу, Үрімші, Сиань, Санья қалаларынан тікелей рейстер тіркелген. Бірақ без обасының ошағы саналатын Ухань провинциясынан тікелей әуе немесе теміржол қатынасы жоқ екенін айтады.
Айта кетейік, жыл басынан бері әлемдік ақпарат құралдары, соның ішінде РИА ақпарат агенттігі Қытайдың Ухань аймағында қауіпті вирустың адам өміріне қауіп төндіріп жатқанын жазды. Негізінен кеміргіштер арқылы тарайтын жұқпалы дерттен 2003 жылы Қытайда 800 адам өліп, билік 3,5 млн егеуқұйрықтың көзін жойған деген ақпарат тараған еді.
Қытайдың Ухань провинциясынан шыққан дерттен осы күнге дейін екі адам көз жұмған.
Оқи отырыңыз: Қытайдың Ухань провинциясында пайда болған обадан Қазақстанға қауіп жоқ
Ришат Асқарбекұлы, Алматы