Нұр-Сұлтанда заңсыз такси қызметін көрсеткен шетелдіктер елден шығарылды
13 азаматқа 25 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды
Полиция департаментінің қызметкерлері «Құқықтық тәртіп», «Автобус» ЖАІШ аясында «Яндекс», «Uber» таксилерімен заңсыз қызметті жүзеге асырған шетелдік 21 жүргізушіні ұстады, олардың жолаушыларды тасымалдауға рұқсаты болмаған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
ЖПІШ нәтижесінде Қазақстан Республикасы ӘПК-нің 463-бабын бұзғандары үшін (тиiстi тiркеусiз, рұқсатсыз немесе хабарлама жібермей кәсіпкерлік немесе өзге де қызметпен айналысу) олар 15 АЕК мөлшеріндегі айыппұл түріндегі әкімшілік жауапқа тартылды.
Сондай-ақ Қазақстан Республикасы ӘПК-нің 517-бабын бұзғандары үшін (Шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы) Қазақстан Республикасының азаматтығы жоқ аталған адамдардың материалдарын сот қарады.
Соттың қаулысы негізінде 8 жүргізуші Қазақстан Республикасынан тысқары жерге шығарылды және 13 азаматқа 25 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды.
Автокөлік коммуналдық тұраққа қойылды.