Жеңілдіктер көлемі 2019 жылы қабылданған
Елорданың қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасы тарифті есептеу кезінде тұрмыстық қатты қалдықтарды шығаруға қандай жеңілдіктер берілетінін еске салды, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.
Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының 2019 жылғы 25 желтоқсандағы шешіміне сәйкес жеке тұлғалар үшін тариф есептеу кезінде тұрмыстық қатты қалдықтарды шығаруға жеңілдіктер қарастырылған:
«Есеп айырысулар тиісті өтініш берілген және растайтын құжаттар ұсынылған сәттен бастап жүргізіледі.
Жеңілдіктерді қолдану үшін Нұр-Сұлтан қаласы, А.Бараев көшесі, 23 мекенжайындағы «Clean City NC» ЖШС қоқыс шығарушы компаниясына жүгіну қажет. Анықтама телефоны: 87076133333», - делінген әкімдік хабарламасында.