Олар Нұр-Сұлтанға сағат 21.35-те жетеді
Air Astana әуе компаниясы Қазақстан азаматтарын Украинадан жеткізуді жалғастыруда. Бұл туралы Azattyq Rýhy компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
«Airbus A320 бортында (148 отыратын орын) 120 жолаушысы бар екінші репатриациялық рейс 1 наурызда Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 15.44-те Катовицеден ұшып шығып, Қазақстан астанасына сағат 21.35-те келеді», - делінген әуе компаниясының хабарламасында.
Келесі репатриациялық рейстер елге қайтқысы келетін қазақстандықтардың тізіміне қарай орындалатын болады.
Олардың бәрі Қазақстан Үкіметімен келісім бойынша тегін жеткізіледі.