28.02.2022, 15:16
Жаңалықтар
Ерболат Досаевтың орынбасары тағайындалды
Ол бүгінге дейін Ұлттық экономика вице-министрі қызметін атқарды
Алматы қаласы әкімінің орынбасары болып, Ерболат Досаевтың өкімімен, ҚР Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша Әлішер Елісұлы Әбдіқадыров тағайындалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Әлішер Әбдіқадыров 1986 жылы 6 сәуірде Алматы қаласында дүниеге келген. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетің түлегі, «экономика магистрі. «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған (2017 ж.).
- Еңбек жолын 2009 жылы ҚР Индустрия және сауда министрлігінің Инвестициялық қызмет департаменті инвестициялық жобалар басқармасының сарапшысы қызметінен бастаған.
- 2010-2013 жылдары – ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Инвестициялар жөніндегі комитетінің бас сарапшысы, инвестициялық жобалар басқармасының басшысы, Стратегиялық жоспарлау департаменті директорының орынбасары.
- 2014-2015 жылдары – ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің Инвестициялар комитеті төрағасының орынбасары. Кейінгі жылдары Павлодар облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы (2015-2016 жж.), Астана қаласының Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасының басшысы (2016-2019 жж.) болып жұмыс істеді.
- 2019 жылы «QazIndustry» қазақстандық индустрия және экспортты дамыту институты» АҚ Басқарма төрағасы болды.
- 2020 жылдан 2021 жылға дейін Қарағанды облысы әкімінің орынбасары болып жұмыс істеді.
- 2021 жылдан 2022 жылға дейін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министрі қызметін атқарды.
Көп оқылған
10.07.2026, 14:17
Оралда полиция қызметкерлері өрт болған үйге дереу жетіп, 15 адамды құтқарып қалды (ВИДЕО)
10.07.2026, 15:51
Аршалыда шизофрениямен ауыратын ер адам анасын, жиенін, тағы екі туысын асқан жауыздықпен өлтірді
10.07.2026, 21:31
Тәулігіне 100 мың: Қазақстандық Бурабайдағы демалыс аймағының қызмет көрсету сапасына шағымданды
10.07.2026, 15:21
«КыздарНет» ісі: сутенерлік желіні ұйымдастырғандар 10 жылға сотталды
10.07.2026, 13:00
Жүргізушілерге ескерту: Қазақстанда тағы 5 тасжолға орташа жылдамдықты бақылау жүйесі енгізілді
10.07.2026, 16:59
Алматыдағы кафеде ер адам танысының мойнына пышақ сұғып алды