28.02.2022, 13:09
Жаңалықтар
ШҚО-да көмір тиеген 9 вагон рельстен шығып кетті – ИИДМ
Қазіргі уақытта қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр
Көрнекі фото
Бұл оқиға бүгін, яғни 2022 жылғы 28 ақпанда сағат 05:30-да Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қаласының Дегелен стансасында болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің ақпаратына сәйкес, екі маневрлік тепловозды қосқан кезде «Қаражыра-Дегелен» бағытындағы 3503 жүк пойызының көмір тиелген 9 вагонының доңғалақтары рельстен шығып, 4 вагон бір жағына ауып кеткен.
Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Бұл жағдай басқа пойыздардың қозғалысына әсер еткен жоқ.
Қазіргі уақытта қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Көп оқылған
07.10.2026, 16:45
Қазақ ғалымдары шұжықтың ішіндегі ит пен мысық, тышқан мен шошқаның етін лезде анықтайтын тест ойлап тапты
07.10.2026, 11:58
Тоқаев қорғаныс министрінің тағы бір орынбасарын жұмысынан қуды
07.10.2026, 10:58
Миллиардтаған ақшаны ысырап етпек болған: Қазақстан жолдарын жөндеу кезіндегі былықтың беті ашылды
07.10.2026, 13:46
Алматыда ер адам бұрынғы сүйіктісін интимді суреттеріңді таратып жіберемін деп бопсалаған (ВИДЕО)
07.10.2026, 18:00
Ақтауда балықтан уланған тоғыз жасар бала 20 күннен кейін көз жұмды
07.10.2026, 09:48
Қазақстанда алдағы бірнеше күнде ауа райы 27 градусқа дейін жылынады