Делегация құрамында РФ Сыртқы істер министрлігінің, Қорғаныс министрлігінің және басқа да ведомстволардың, соның ішінде президент әкімшілігінің өкілдері бар
Ресей делегациясы Украина тарапымен келіссөздер жүргізу үшін Беларуське барды. Бұл туралы Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.
«Қол жеткізген келісімге сәйкес, украиналықтармен келіссөздер жүргізу үшін Беларусь еліне РФ Сыртқы істер министрлігі, Қорғаныс министрлігі және басқа да ведомстволардың, соның ішінде президент әкімшілігінің өкілдерінен құралған ресейлік делегация келді. Біз бұл келіссөздерді Гомельде бастауға дайын боламыз», - деді Песков.
Ресейдің Украинаны демилитаризациялау және денацификациялау бойынша арнайы әскери операциясы 24 ақпаннан бері жалғасып жатыр. Жұма күні Киевпен ықтимал келіссөздерге байланысты Ресей әскерлерінің қозғалысы тоқтатылған болатын, алайда украиндық тараптың ол келіссөздерге қатысудан бас тартуына байланысты сенбі күні қайта басталды.
Бұған дейін Украина президенті Владимир Зеленский өз кеңсесінде Украинаның бейтарап мәртебесіне және оның қауіпсіздігі туралы кепілдіктерге қатысты келіссіөзді талқылай алатынын айтқан болатын. Бұл ретте Беларусь президенті Александр Лукашенко 26 ақпанда Минскінің келіссөздердің өтуін қамтамасыз етуге дайын екенін мәлімдеді. Сенбі күні кешке Зеленский келіссөздерді ұйымдастыру туралы ұсыныстар Түркия мен Әзербайжан президенттері Режеп Тайып Ердоған мен Ильхам Әлиевтің де жасағанын айтты.