ҚР Қарулы Күштері ұшқышсыз басқарылатын құрылғылар операторын дайындайды

Azattyq Rýhy

Бес жыл ішінде Әуе қорғанысы күштерінің ҰҰА мамандарын даярлау орталығы 100-ден астам әскери қызметші дайындады

 

Әуе қорғанысы күштерінің ҰҰА мамандарын даярлау орталығында  ұшқышсыз ұшатын аппараттарды басқару бойынша мамандарды оқыту курсы өтеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Болашақ ҰҰА операторлары бұл құрылғының теориялық негіздерін және олардың материалдық бөлігін зерделейді. Сынақтар тапсырған соң білім алушылар ұшқышсыз ұшу аппараттарын алғаш рет өздері басқарып ұшыратын болады.

Қарулы күштердің қатысуымен өткізілетін оқу-жаттығулар мен іс-шараларды қамтамасыз ету барысында ұшқышсыз ұшу аппараттарымен жұмыс жасауда мол тәжірибесі бар білікті мамандар сабақтарды жүргізеді.

«Қазақстан Президентінің тапсырмасына сәйкес Қарулы күштерді кешенді және жүйелі дамыту, елдің қорғаныс қабілетін одан әрі арттыру жөніндегі міндеттерді іске асыруда. Ұшқышсыз ұшатын технологияларды енгізу мен оларды қолдануға назар аударуда, олардың қолданылу аясы мен сұранысы кеңейу үстінде. Сонымен қатар, тиісті мамандарды даярлау қажеттілігі де артуда», - делінген хабарламада.

Бес жыл ішінде бұл Орталық 100-ден астам әскери қызметші дайындады. Алғашқы оқыған мамандар бүгінгі күні әскери бөлімдерінде өздерінің білімдерін бөлісуде. Өткен жылы курстық дайындыққа алғаш рет Зымыран әскерлері мен артиллерия өкілдері тартылды. Онда ұшқышсыз ұшатын құрылғыларын барлау мақсаттарына, атысты бағыттауға және оқ атуды түзетуге кеңінен қолданылады.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.