Олар 3 млн теңгеден астам айыппұл төледі
Алматы қаласының әуежайында 1 млрд теңгеден астам декларацияланбаған қолма-қол ақша анықталды. Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитеті мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Комитет мәліметінше, Алматы әуежайы арқылы шет елдерге декларацияланбаған 1 068 683 092 теңгені жеке тұлғалар қолма-қол алып кетпекші болған. Алматы қаласы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті 2021 жылдың қаңтары мен желтоқсаны аралығында ҚР ӘҚБтК 551-бабы бойынша 116 әкімшілік іс толтырып (тауарларды, қолма-қол ақша қаражатын, ақша құралдарын декларацияламау немесе анық емес кедендік декларациялау, кедендік құжаттардағы мәліметтерді анық емес мәлімдеу), ҚР Қылмыстық кодексінің белгілері бар 4 фактінің жолын кескен. Декларацияланбаған қолма-қол қаражат сомасы - 1 068 683 092 теңге , осы бұзушылықтар бойынша айыппұл - 3 383 720 теңгеден астам .