Бозымбаев ешбір қағидаға көнбейтін «Алтын Орда» базарын реттемек
Аталған базар иелері жыл сайын небәрі 10-20 млн теңге көлемінде салық төлеп келген
Алматы облысының әкімі «Алтын Орда» базарының айналасында жиналған проблемаларды шешетінін айтты. Алматының іргесіндегі атышулы сауда орталығы елге толықтай локдаун енгізілгенде де жұмысын тоқтатпаған еді. Мегаполисті азық-түлікпен қамтамасыз етіп тұрған базардағы сауда айналымы мен салық төлеу жағы енді қатаң қадағалауға алынбақ.
«Алтын Орда базары қызметінің төңірегінде жинақталған проблемаларды шешу мақсатында барлық бағыт бойынша жұмыс жүргізілетін болады. Құрылыс, санитарлық және салықтық бақылау көзделген», - деді баспасөз мәслихатында Алматы облысының әкімі Қанат Бозымбаев.
Аймақ басшысы нарық қызметін жеңілдету және ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында Іле ауданында А+ санатты автоматтандырылған логистикалық хаб салынатынын хабарлады.
«Логистикалық хабтың аумағы 200 мың шаршы метрді құрайды. Ол Қазақстандағы ең ірі кәсіпорындардың біріне айналады. Ол үшін 200 млн. АҚШ доллары көлемінде инвестиция тартамыз, шамамен 1 500 жаңа жұмыс орны құрылады», - деді Алматы облысының әкімі.
Қанат Бозымбаев бұл жобаны жүзеге асыру үшін «AIRBA FF» ЖШС директорлар кеңесінің төрағасы, компанияның негізін қалаушы Эдуард Киммен өзара меморандумға қол қойған.