Елорда аумағында бір тәулікте 115 жол-көлік оқиғасы тіркелді
Нұр-Сұлтан қаласында төрт көлік соқтығысып қалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қалалық полиция департаментінің хабарлауынша жол-көлік оқиғасынан төрт адам зардап шекті.
«Осы жылдың 22 ақпанында сағат 19.22 шамасында «Hyundai» маркалы автокөліктің 31 жастағы жүргізушісі Түркістан көшесімен Орынбор көшесіне қарай кетіп бара жатып, бағдаршамның тыйым салған түсіне өтіп кеткен. Нәтижесінде «Subaru XV» маркалы автокөлігімен соқтығысқан. Ал «Subaru XV» инерциямен «Subaru Legacy» және «Chevrolet Malibu» маркалы екі автокөлікті соққан.
Жол-көлік оқиғасы салдарынан төрт азамат зардап шекті. Олардың бәріне медициналық көмек көрсетілді. Екі адам ауруханаға жеткізілді. Аталған факті бойынша тергеу жұмыстары жүргізілуде», - делінген хабарламада.
Елорда аумағында бір тәулікте 115 жол-көлік оқиғасы тіркелді.
«Полиция департаменті жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерді жолдарда өте мұқият болуды және жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауды ескертеді», - деп жазады ведомство.