$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Протезбен-ақ жұмыс істесін»: Алматы облысында аяғынан айырылған азаматты еңбекке жарамды деп таныған

Талдықорғандағы медициналық-әлеуметтік сараптама орталығы өз қорытындыларынан еш әбестік көрмейді

«Протезбен-ақ жұмыс істесін»: Алматы облысында аяғынан айырылған азаматты еңбекке жарамды деп таныған
КТК арнасы

Алматы облысының тұрғыны Серік Қарабаев өзін мүгедектіктің екінші тобынан үшінші тобына неге ауыстырғанын түсіне алмай дал. Айтуынша, комиссия жағдайды түсіндірмей, атүсті шешім қабылдаған, деп хабарлайды КТК арнасы.

Ал Талдықорғандағы медициналық-әлеуметтік сараптама орталығы бұл қорытындыға Серік Қарабаевтың өзі қарсылық танытпады дейді. Ауруы асқынған Серік Қарабаевтың былтыр тізеден жоғары аяғын кесуге тура келді. Екінші топтағы мүгедек деп танылды. Бірақ бертінде комиссия оны қайта қарап, «жұмысқа жарамды» деп, үшінші топқа қисынсыз ауыстырды дейді.

«Аяғымды ұстады, кішкене тексерген болды. Аяғы барлар кезекте тұрды. Мен таңнан кешке дейін есіктің алдында отырдым. Олар құжаттарымды қарады да, ішке шақырды. 10-15 минуттан кейін үшінші топ мүгедегіне өттің деп қағазды беріп жібере салды», - дейді Серік Қарабаев.

Онсыз да аяғынан айырылған азамат бұл шешімнен кейін сенімнен де айырылғандай күйге түсті. Отбасы жалғыз жәрдемақысын талқан етіп келген. Енді оның да көлемі қысқарады. Протез былтыр алғанмен, аяғының жарасына байланысты киюге келмейді дейді.

Ал Талдықорғандағы медициналық-әлеуметтік сараптама орталығы өз қорытындыларынан еш әбестік көрмейді. «Протезбен-ақ жұмыс істеуіне болады, шешіммен келіспесе, шағымдансын» деп әңгімені қысқа қайырды.

«Бізге берген құжаттары мен науқасты қайта қараудың нәтижесінде үшінші топтағы мүгедектікке ауысады деген қорытынды шығардық. Жұмыс жағына қатысты айтар болсақ, жауапты мекемеге хабарласуы керек. Мәселен, үшінші топтағы мүгедектер күзетші, вахтер секілді отырып істейтін жұмыстарға жарамды», - деді Талдықорған қаласы № 6 медициналық-әлеуметтік сараптама орталығының бөлім басшысы Екатерина Юн.

 Комиссия шешімі 14 ақпанда шықты. Енді Серік Қарабаев ол қорытындымен келіспей, шағымдануына үш ай уақыты бар.

 

Серіктес жаңалықтары