Семейдегі түрмеде көкөніс өсіріледі

Автор: Azattyq Rýhy

Ол үшін арнайы жабдықталған жылыжай бар 

Семейде қатаң тәртіптегі түзету мекемесінде көкөніс өсіріледі, деп хабарлайды "Хабар24". 

Салат жапырақтары, күнзе, аскөк, ақжелкен, пияз және қызанақ пен қияр секілді өсімдіктерді өсіріп баптаумен жазасын өтеушілер айналысады. Ерекшелігі – олар бұл көкөністердің көбін әрі кетсе 2 аптада дайын қылады. Кейбірі тіпті, бір аптаға жетпей жиналады, дейді мұндағылар. Ол үшін арнайы жабдықталған жылыжай бар. Түзету мекемесі табиғи өнімдерді ара-тұра ауруханаларға да жіберіп тұрады. 

"Шығарылған өнімдеріне қалада сұраныстар өте көп. Сотталғандар жұмыстарын жасап, алған жалақыларына сот үкімі бойынша бекітілген талап парыздарын өтейді және де отбасыларына ақша жіберіп, көмектеспі отырады", – деді 156/14 түзету мекесі бастығының орынбасары Руслан Қамаржанов.