$ 498.34  519.72  4.85
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

СҚО-да дәрігерлер ана өлімін жасырған

Тексеріс кезінде арнайы комиссия екі медициналық ұйымның 10-ға жуық қызметкерінің заңсыз әрекетін әшкереледі

СҚО-да дәрігерлер ана өлімін жасырған
Фото ашық дереккөзден

Солтүстік Қазақстандағы Большой Изюм ауылының 35 жастағы тұрғыны Әйгерім Қазезова былтыр бесінші баласын дүниеге әкеліп, біренеше аптадан кейін облыстық көпбейінді ауруханада көз жұмған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy  Хабар 24 арнасына сілтеме жасай отырып.

Бірақ ақ халаттылар оның өлімін тіркемей, пациентті аудандық ауруханаға ауыстырған. Ал ондағылар мәйітті еш медициналық құжатсыз туыстарына берген. Кейін берілген анықтамада азаматша дүниеден өткен соң марқұм тағы бір ай коронавирустан емделді деп жазған. Тексеріс кезінде арнайы комиссия екі медициналық ұйымның 10-ға жуық қызметкерінің заңсыз әрекетін әшкереледі.

«Дәрігерлердің айтуынша бұлар ана өлімі фактісін жасыруды біздің облыстық статистикалық көрсеткішін жоғарламауына байланыстырады. Сондықтан осы ана өлімін жасырғанын айтады. Жоспардан тыс тексеру қортындысы бойынша материалдарды құқы қорғау органдарына бердік және денсаулық сақтау басқармасына бердік. Енді осы материалдар бойынша процессуалды шешім қабылданады деп ойлмайын», - деді медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің СҚО бойынша департаменті басшысы Дархан Тұрлыбеков.

Серіктес жаңалықтары