Ақтөбеде мектеп автобусынан түтін шығып, балалар эвакуацияланды

Azattyq Rýhy

Төтенше жағдай кезінде көлік ішінде 33 оқушы болған

inform.kz

Ақтөбеде мектеп автобусынан түтін шығып, балалар эвакуацияланды. Бұл туралы Ақтөбе облыстық  білім басқармасы мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ақтөбе қаласындағы №18 орта мектептің оқушылар тасымалдайтын автобусынан түтін шықты. Сол кезде көлік ішінде 33 оқушы болған. Олардың бәрі түтін шыққан кезде бірден эвакуацияланды.

«Түтін шыққан кезде екі өрт сөндіргіш құралы қолданылды. Бәрі дін аман. Ал эвакуацияланған балалардың әрқайсысымен психолог мамандар жұмыс істейді. Жалпы Ақтөбе қаласы №18 орта мектебіне 140 бала тасымалданады. Оларды мектепке Өрлеу, Ақшат, Ақжар-2 тұрғын үй алаптары және Сарбаз, ГауҺар бау-бақша ұжымдарынан екі автобус жеткізеді. Автобустардың бірі жалдау шарты есебінен балаларды тасымалдаса, екінші автобус №18 ОМ балансында. Түтін шыққан автобустың техникалық паспорты бар. Автобус 2009 жылы шыққан. Осы жағдайдан кейін мектеп директоры Серік Тойшыманов пен директордың шаруашылық жөніндегі орынбасары Г. Баймағанбетоваға ескерту берілді», - деп хабарлады облыстық білім басқармасы баспасөз қызметі.


 

 

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.