АҚШ-та Қазақстан азаматы оқ жарақатынан қаза тапты

Автор: Azattyq Rýhy

Полиция осы оқиға бойынша тергеу жүргізіп жатыр

Фото ашық дереккөзден

АҚШ-та Қазақстан азаматы оқ тиіп, қайтыс болды. Бұл деректі ҚР Сыртқы істер министрлігі растады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Осы жылдың 16 ақпанында Миннесота штатының Сент-Пол қаласында Қазақстан Республикасының азаматы белгісіз жағдайда қаза тапты. Жергілікті полиция берген ақпаратқа сәйкес, отандасымыз өз көлігінде оқ жарақатынан көз жұмған», - деп атап өтеді министрліктен.

Ведомство мәліметінше, полиция осы оқиға бойынша тергеу жүргізіп жатыр. Қылмыс жасады деген күдікті қамауға алынды.

 «ҚР консулы марқұмның туыстарымен тұрақты байланыста», - деп нақтылады ҚР СІМ баспасөз қызметінен.

Оқ жарақатынан мерт болғандар туралы ақпарат тарататын gunmemorial сайтында Сент-Пол қаласында көлігінде өлі табылған адамның 34 жастағы Юлия Ли екендігі көрсетілген.