Алматылық тұрғынның апатты үйді бұзу туралы талабына қалалық әкімдік жауап берді
Тұрғын үй Алматы қаласындағы ескі үйлер тізіміне кіреді
Алматылық тұрғын апатты үйді бұзу туралы талабын плакатқа жазып, терезесіне іліп қойған. Осы мәселеге қатысты қала әкімдігі түсінік берді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Бұған дейін әлеуметтік желіде тозығы жеткен үй тұрғындарының бірі терезесіне үйді бұзуды талап еткен плакат іліп қойған сурет пайда болған еді. Сонымен қатар, хабарламада қалалық әкімдіктің бұзуға рұқсат бермейтіні туралы жазылған. Алматы әкімдігі жазбаға қатысты түсінік берді.
«Бізді тез арада бұзыңыздар» деген белгісі бар үй Шевченко көшесі, 113 мекенжайда орналасқан және Алматы қаласындағы ескі үйлер тізіміне кіреді. Реновация аясында (Алмалы ауданы әкімінің аппаратымен) аталған учаскеге әлеуетті инвестор – «ВЕК корпорациясы» құрылыс компаниясы тартылды. Қазіргі кезде құрылыс салушы мен тұрғындар арасында сатып алу шарттары бойынша келіссөздер жүргізілуде.
«Құрылыс компаниясынан ұсынылған құжаттардың сәйкес келмеуі салдарынан құрылыстарды сүру бойынша жұмыстар кешенін жүргізуге шешім берілмейтін болды. Ескертулер жойылған жағдайда мәселе заңға сәйкес қаралатын болады»,- деп хабарлады әкімдіктен.