21.02.2022, 20:11
Жаңалықтар
Атырауда екі жұмысшы 5 қабатты үйдің шатырынан құлап қайтыс болды
Оның бірінің жасы – 25-те, екіншісі – 36-да
Фото ашық дереккөзден
Атырауда қауіпсіздік белдігін тақпаған екі адам 5 қабатты үйдің шатырынан құлап мерт болды. Бұл деректі Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі растады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Оқыс оқиға бүгін, 21 ақпанда Атырау қаласында болған.
«Атырау қаласының «СМП-163» шағын ауданында орналасқан №7 үйде жаңғырту жұмысы жүргізіліп жатыр. Осыған байланысты 5 қабатты үйдің төбе жабындысын ауыстыру кезінде 2 жұмысшы құлап кеткен. Оның бірінің жасы – 25-те, екіншісі – 36-да. Жұмысшылардың қауіпсіздік белдігін тақпағаны анықталды. Екеуі де оқиға орнында мерт болды», - деп мәлім етті департаменттің баспасөз қызметінен.
Көп оқылған
02.11.2026, 13:43
Үш баласы мектепке бара алмай отыр: Алматыда көпбалалы әскери қызметкерді жұмысынан қуып жіберген
02.11.2026, 15:10
Каспий теңізіндегі трагедия: Бектенов Қорғаныс министрлігінің кемшіліктерін тізбектеп шықты
02.11.2026, 12:59
Атырауда бір топ ер адам экстремистік топ құрып, Конституция негіздерін күшпен өзгертпек болған (ВИДЕО)
02.11.2026, 16:21
«Соқырішегі жарылайын деп тұр»: Ақтауда дәрігер мен оған шабуыл жасаған ер адам оқиғаның қалай болғанын айтты (ВИДЕО)
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды