Әнуар Садықұлов бұл қызметті 2014-2019 жылдары да атқарған
Бүгін Мемлекет басшысының өкімімен Әнуар Төлеуханұлы Садықұлов ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары – «А» арнаулы мақсаттағы қызметінің директоры болып тағайындалды.
Әнуар Төлеуханұлы Садықұлов 1967 жылы 7 қазанда Алматы қаласында дүниеге келген. 1991 жылы Алматы зооветеринар институтын бітірген. 2000 жылы Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетінің заң факультетін үздік тәмамдаған.
1985-1987 жылдары КСРО ҚК қатарында мерзімдік әскери қызметтен өтті.
1992 жылы ҚР Президенті Күзет қызметінің әскери қызметіне алынды. Қызметін ҚР Президенті жеке күзетінің әр түрлі офицерлік және басшылық лауазымдарында өткерген.
2006 жылы ҚР Президенті Күзет қызметі бастығының орынбасары - жеке күзет департаментінің бастығы болып тағайындалды.
2012 жылы ҚР Президенті Күзет қызметі бастығының орынбасары – Президент қауіпсіздігі қызметінің бастығы лауазымына тағайындалған.
2013 жылы ҚР Президенті Күзет қызметінің бастығы болды.
2014 жылы Мемлекет басшысының өкіміне сәйкес ҚР Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы болды;
2014-2019 жылдары ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары – ҚР ҰҚК «А» арнайы қызметінің директоры болды.
2019 жылдың маусымынан ҚР Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы болды.