Жаңаөзенде қызметтік ит қару-жарақ қоймасын тапты

Автор: Azattyq Rýhy

Қойма 34 жастағы жергілікті тұрғынға тиесілі болған

Фото ашық дереккөзден

Жаңаөзенде қызметтік ит гараждардың бірінен қару-жарақ қоймасын тапты. Бұл туралы ҚР Ұлттық ұлан "Батыс" РҚК баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сұлтанов мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қойма 18 ақпанда сағат 18.00 шамасында Мамыр ықшамауданында 34 жастағы жергілікті тұрғыннан табылған.

Жедел-іздестіру іс-шарасына 5548 әскери бөлімінің маман кинологы, кіші сержант Асан Абдукәрімов  және Кэсси есімді ит қатысқан. Қоймада шолақ аңшы мылтығы мен спорттық мылтық жасырылған.

Баспасөз қызметі басшысының айтуынша, 2021 жылы Ұлттық ұлан сарбаздары Детектив есімді қызметтік ит көмегімен есірткінің заңсыз айналымына қатысты үш деректі анықтаған.