Атырау облысында жоғалып кеткен зейнеткер өлі табылды
Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері тексеру жүргізіп жатыр
Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі 28 қаңтарда жоғалып кеткен зейнеткердің өлі денесі табылғанын растады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Бұған дейін Атырау облысында 65 жастағы зейнеткер 29 қаңтардан бері іздестіріліп жатқанын жазған болатын.
Махамбет ауданының Бейбарыс ауылында тұрған зейнеткер 28 қаңтарда кешкі сағат 19:30 шамасында үйінен шығып кеткен. Содан бері оның бір дерегі шықпады.
«Оны сүңгуірлер Жайық өзенінен іздеді. Алайда, іздестіру жұмысы нәтиже бермеген соң зейнеткерді іздеуге көкпаршылар қосылды», - делінген хабарламада.
Ал 6 ақпанды із-түзсіз жоғалған зейнеткерді іздестір жұмысына «Казавиаспас» АҚ-ның МИ-8 тікұшағы тартылды. 3уге кеше, 6 ақпанда тікұшақ тартылды. Тікұшақпен Махамбет ауданындағы Сарайшық және Бейбарыс елдімекендерінің маңынан 50 шақырым радиуста, Жайық өзенінің бойымен әуеден барлау жүргізілген болатын.
Қазір полиция қызметкерлері тексеру жүргізіп жатыр.
Дереккөз: ҚазАқпарат