$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Мемлекет басшысы ҰҚК төрағасы Ермек Сағымбаевты қабылдады

ҰҚК шекара қызметі мемлекеттік шекараны күзету жұмыстарын күшейтіп жатыр

Мемлекет басшысы ҰҚК төрағасы Ермек Сағымбаевты қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаевқа Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметін реформалау барысы, ұлттық қауіпсіздік органдары жұмысының негізгі жетістіктері мен алдағы міндеттері туралы баяндалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.   

«Ермек Сағымбаев қазіргі уақытта ҰҚК-нің құзыреті аясында билікті күшпен басып алу, террорлық актілер, жаппай тәртіпсіздік пен басқа да қылмыстарға қатысты 27 қылмыстық іс бойынша тергеу жұмыстары жүргізіліп жатқанын мәлімдеді. Осы қылмыстық істер бойынша 24 адам қамауда отыр. Оның 14-і – деструктивті діни ағым өкілдері», - делінген ақпаратта. 

Халықаралық есірткі бизнесіне қарсы күрес аясында Алматы қаласында ТМД елдеріне есірткі тасымалдайтын өз «майнинг-фермасы» бар ірі есірткі лабораториясы жойылды. Құны 3,7 миллиард теңге болатын 188 келі мефедрон және 57 миллион теңге тәркіленді.

ҰҚК шекара қызметі мемлекеттік шекараны күзету жұмыстарын күшейтіп жатыр. Қаңтар-ақпан айларында 2133 құқықбұзушы мен 22 су көлігі ұсталған.

Кездесу қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы ҰҚК органдарының жұмысын жетілдіру жөнінде бірқатар нақты тапсырма берді.

Серіктес жаңалықтары