«Астанаэнергосбыт» пен «Астана-АЭК» жоспардан тыс тексеріледі

Автор: Azattyq Rýhy

Қала тұрғындарынан шағым түскен

Фото ашық дереккөзден

Елорда тұтынушыларының бірқатар шағымдары негізінде, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаменті «Астанаэнергосбыт» ЖШС және «Астана-АЭК» АҚ-ға қатысты биыл түбіртектерде көрсетілген электр энергиясы үшін төлем сомаларын есептеудің негізділігі бөлігінде жоспардан тыс тексеру тағайындады. Бұл туралы Azattyq Rýhy ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаменті табиғи монополиялар саласына жатқызылған қызметті бақылау мен реттеуді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып саналатынын атап өту қажет.

«Осыған байланысты, табиғи монополиялар субъектілерінің іс-әрекеттерімен келіспеген жағдайда, атап айтқанда коммуналдық қызметтер бойынша төлем сомалары жоғары түбіртек келіп түскен кезде, елорданың әрбір тұрғыны ТМРКД-ның атына: Нұр-Сұлтан қаласы, Петров көшесі, 5 мекенжайы бойынша немесе k.kense@economy.gov.kz. e-mail өтініш беруге құқылы», - делінген ведомство хабарламасында.