$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Сатқын емес қазақ миллионнан біреу шығар – Мұхамеджан Тазабек

Ол ойнас жасайтын ерлер мен әйелдердің тым көбейіп кеткенін айтып отыр

Сатқын емес қазақ миллионнан біреу шығар – Мұхамеджан Тазабек
Фото ашық дереккөзден

Мұхамеджан Тазабек соңғы оқиғаларға байланысты бүгінгі күні әлеуметтік желіде бірін-бірі «сатқын» деп айыптап, бірінің сыртынан бірі «үкім» шығарушылар көбейіп кеткеніне қынжылды. Өзім де солардан «таяқ жеп жүрмін» деген ақын қоғамда сатқын емес адам жоқ дейді. Бұл туралы «Talim.tv» бағдарламасына берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Сатқындық дейтін нәрсе бар. Сатқын емес қазақ миллионнан біреу шығар. Неге, себебі, біреу әйелін, енді біреуі күйеуін сатып жүр. Әлеуметтік желіде қым-қиғаш, қызыл-қырғын махаббат болып жатыр. Ойнастың есебі жоқ. Күйеуіне айта алмайтын қаншама әйелдің сыры бар, әйелінен жасырып жүрген қаншама еркектің жыры бар.

Егер, осының бәрін біз сатқындық деп есептейтін болсақ, қоғамда сатқындықтан аман адам жоқ. Сол себептен мен бас салып біреуді айыптап немесе оған «сатқын» ол деп үкім таға алмаймын. Себебі өзім содан таяқ жеп жүрген адаммын», -деді айтыскер ақын.

Серіктес жаңалықтары