$ 498.34  519.72  4.85
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Антикор шетелге кеткен ақшаны қалай қайтару керектігін айтты

Оның айтуынша, сыртқа кеткен қаражатты елге қайтаруға толық мүмкіндік бар

Антикор шетелге кеткен ақшаны қалай қайтару керектігін айтты
Фото ашық дереккөзден

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің басшысы Марат Ахметжанов шетелге заңсыз кеткен капиталды Қазақстанға қайтарудың тетіктерін атады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

«Бүгінгі күнге дейін қылмыстық іс қозғалды, құқықтық келісім болу керек. Сол елдің құқық қорғау органдары мүлкі бар ма, соны анықтауы керек. Екі жақпен келісім болу керек. Біздің сұраныспен санкциялап, тексеріс жүргізеді. Ол үшін алдымен сыртқа шыққан барлық қаражаттың заңсыз жолмен кеткенін анықтайтын дәлелдер толық болуы керек. Ол үшін «лас ақша» екендігі дәлелдену керек.

Бас прокуратура шетелге заңсыз жолмен аударылған қаражатты анықтау үшін сол елдерде топтар құрды. Біздің 68 мемлекетпен екі жақты келісіміміз бар. Олардың талабы осы – біз сыртқа шыққан қаражатты заңсыз екенін дәлелдеп беруіміз керек. Қаржылық тергеудің нақты шектелген уақыты жоқ. Ақша қайтарылғанша тергеу жүргізіледі», - дейді Ахметжанов.

Оның айтуынша, сыртқа кеткен қаражатты елге қайтаруға толық мүмкіндік бар.

Серіктес жаңалықтары