Еліміз бойынша 600-ден астам медициналық ұйым МӘМС бойынша стоматологиялық қызметтер көрсетеді
Өткен жылы міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі бойынша 2020 жылға қарағанда, бір жарым есе көп стоматологиялық қызмет көрсетілді. Бұл қызметтер (5,9 миллион қызмет) негізінен 17 жасқа дейінгі балаларға көрсетілген, деп хабарлайды Azattyq Rýhy қордың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін іске қосу балалар мен жүкті әйелдерге жоспарлы стоматологиялық көмекті тегін алуға мүмкіндік берді, ал шұғыл жағдайларда зейнеткерлер, көп балалы аналар, мүгедектер, оларға күтім жасайтын жұмыссыздар, АӘК алушылар, сондай-ақ белгілі бір аурулармен есепте тұрған пациенттер де тегін стоматологиялық көмек ала алады.
«МӘМС жүйесінің іске қосылуының арқасында 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап халықтың тиісті санаттары үшін белгілі бір стоматологиялық қызметтер қолжетімді болды. Жүйе енгізілген алғашқы жылы 6,8 млн қызмет көрсетілді. Бір жылдан кейін МӘМС бойынша стоматологиялық көмекті тұтыну бір жарым есеге – 10 млн қызметке дейін өскені байқалады. Стоматологиялық көмекті қаржыландыруды арттыру оған мұқтаж пациенттерді көп қамтуға мүмкіндік берді. Бұл ретте талдау көрсеткендей, стоматологиялық қызметтер негізінен 17 жасқа дейінгі балаларға көрсетілген», - деп атап өтті қор сарапшылары.
Соңғы екі жылда МӘМС есебінен қаржыландыру аясында 37 млрд теңгеге 16,8 млн-нан астам стоматологиялық көмек көрсетілді. 2022 жылға сатып алу жоспарында 22,7 млрд теңгеге стоматологиялық қызмет көрсету қарастырылған.
Қор сарапшыларының түсіндіруінше, стоматологиялық көмек пациенттің медициналық ұйымды еркін таңдауы негізінде көрсетіледі, яғни ол үшін учаскелік дәрігердің жолдамасы талап етілмейді. Қызметтерді алу үшін Қормен келісімшарты бар жеке стоматологиялық клиниканы таңдауға немесе өз емханаңыздың стоматологиялық кабинетіне жүгінуге болады.
Еліміз бойынша 600-ден астам медициналық ұйым МӘМС бойынша стоматологиялық қызметтер көрсетеді.
МӘМС пакеті бойынша жоспарлы стоматологиялық көмек мына пациенттер үшін қарастырылған:
Шұғыл стоматологиялық көмекті азаматтардың мына санаттары ала алады:
Қандай жағдайды төтенше жағдай деп санауға болады?
Шұғыл көмек пациенттің өміріне қауіп төндіретін кенеттен болған жіті аурулар және созылмалы аурулар асқынған кезде көрсетіледі:
Пациенттердің осы санаттары үшін МӘМС-те қандай көмек тегін қарастырылған?\